«Каспий – достық теңізі» мотошеруі Маңғыстауға жетті

4 Сәуір 2023, 04:45
719
Бөлісу:
«Каспий – достық теңізі» мотошеруі Маңғыстауға жетті
Фото: inbusiness.kz

Ресейден шыққан мотошеру Маңғыстау өңіріне жетті. Танымдық шара «Каспий – достық теңізі» деп аталады. Қатысушылардың көздеген мақсаты – су айдыны ортақ мемлекеттерді 11 күнде аралап шығу, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар 5 мың шақырымдай жолды мотоциклмен жүріп өтеді. Шетелдік меймандарды қала тұрғындары теңіз жағалауында күтіп алды. Ұлттық ас-сусын ұсынып, сәт-сапар тіледі. Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин бастаған туристер жол-жөнекей киелі өлкенің көрікті жерлеріне аялдап, қазақы салт-дәстүрмен танысуға ниетті.

Айта кету керек, Каспий маңы елдерін түгел қамтитын мотошеру алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Бұл бастаманы Астрахань мотоқауымдастығының өкілдері көтерген болатын. Біз оны мақұлдап, қазақстандық әріптестерімізбен байланысқа шықтық. Бұдан әрі Маңғыстауға көршілес түркімен еліне барамыз. Аталған мотошеру Каспий теңізі бойында орналасқан мемлекеттердің өзара ынтықмақтастығын одан сайын нығайтады деп сенеміз. Жолшыбай кездескен бизнес өкілдерімен танысып, бірлескен жоба түзуге ниеттіміз, - дейді Астрахань облысының губернаторы (РФ) Игорь Бабушкин.

Өзгелердің жаңалығы