Кәсіпорындардың Цифрлық картасы жасалды

29 Мамыр 2024, 15:52
840
Бөлісу:
Кәсіпорындардың Цифрлық картасы жасалды
Фото: ОКҚ

13 мыңнан астам кәсіпорын «BI Qlik» скорингтік моделімен қамтылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы, Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді.

Кәсіпорындардың Цифрлық картасы жасалды

Еңбек дауларының алдын алу үшін Еңбек министрлігі кәсіпорындардың Цифрлық картасын әзірледі, оның шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері бойынша кәсіпорындардағы қаржылық, Еңбек және әлеуметтік тәуекелдер бойынша жағдайды талдауға және әрбір кәсіпорынның жиынтық тәуекел дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін «BI Qlik» скорингтік моделі енгізілді. Бүгінгі таңда бұл жүйемен 13 мыңнан астам кәсіпорын қамтылған. Тәуекелі жоғары 386 кәсіпорын анықталып, бақылауға алынды: Маңғыстау облысында – 125, Атырау облысында – 107, Ақтөбе облысында - 68, БҚО – 15 және басқа өңірлерде орташа тәуекелі бар 520 кәсіпорын. Аталған кәсіпорындармен ЖАО-мен бірлесіп олардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, – дейді Төлеген Оспанқұлов. 

Өзгелердің жаңалығы