Кәсіпкерлікті қолдауға грантқа өтінімдер 17 тамызға дейін қабылданады

8 Тамыз 2023, 16:06
746
Бөлісу:
Кәсіпкерлікті қолдауға грантқа өтінімдер 17 тамызға дейін қабылданады
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысы орынбасары Қуаныш Сапаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттік гранттар Үкіметтің бекітілген қағидалары шеңберінде беріледі. Өтінімдер 7 тамыздан 16 тамызды қоса алғандағы аралықта «Kezekte.kz» онлайн портал арқылы қабылданады.

Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде 4 бағыт бойынша қаржылық қолдау жүзеге асырылады. Атап айтқанда, бұл кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, кредиттерге ішінара кепілдік беру: 85% – жаңадан бастаушы субъектілер үшін, 50% – жұмыс істеп тұрғандар үшін, - деді ол.

Яғни мемлекет кәсіпкерлерге жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуге көмектеседі, сондай-ақ жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар береді.

«Даму» қорымен бірлесіп «Астана бизнес» салалық шектеулерсіз жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын іске асырамыз. ШОБ бастауыш субъектілері үшін несие сомасы – 50 млн теңге, жұмыс істеп тұрғандары – 100 млн теңге, сыйақы мөлшерлемесі – 7%, несиелеу мерзімі 7 жылға дейін. Биылға 1 млрд теңге бөлінген, - деді Сапаров.

Кәсіпкерлер грант қаражатын тауарларды шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды, шикізатты және материалдарды сатып алу, материалдық емес активтерді сатып алу, технологияны сатып алуға ғана жұмсай алады.

Биылғы сәуірден бастап, Ұлттық экономика министрлігі енгізген өзгерістерге байланысты, грантқа тіркелгеніне үш жыл болған жеке кәсіпкерлер және республикалық тізілімге енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері ғана қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкермен мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруы, жаңа жұмыс орындарын құру. Кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы немесе Жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы шарт.

Айта кетейік, 2022 жылы 1 891 өтінім келіп түсті. Оның ішінде комиссия алдында қорғауға 918 өтінім жіберілді. 619,6 млн теңгеге 135 жобаға қолдау көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы