Кәсіпкерлікті дамыту жобасына 222 мыңға жуық адам қатысты

13 Сәуір 2023, 19:48
941
Бөлісу:
Кәсіпкерлікті дамыту жобасына 222 мыңға жуық адам қатысты
Фото: egov.kz

Осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 222,5 мың адам қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

152,2 мың адам жұмысқа орналасты, оның 48,8 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 103,4 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 12,1 мың адам, жастар практикасымен 5,8 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 76 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 2,1 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 66 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 7,4 мың адам жұмыспен қамтылды, - делінген Еңбекмині таратқан хабарламада.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 14 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 12,4 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 53,6 мың адамды қамтылды, оның ішінде 39,6 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Сонымен қатар, қызмет саласын таңдау мақсатында 40,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Өзгелердің жаңалығы