Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін әйелдерге грант беріледі

1 Наурыз 2023, 16:57
2040
Бөлісу:
Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін әйелдерге грант беріледі
Фото: «Жасыл экономиканы» қолдау коалициясы

Еліміздегі кәсіпкерлік айналысқысы келетін әйелдерге грант беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамытудағы елеулі жетістіктерге қарамастан әйелдер бизнес ашуда. Алайда оны басқаруда да, әсіресе бастапқы кезеңдерінде көптеген қиындықтарға тап болып отырғаны жасырын емес. Бұған ең алдымен, қаржыландырудың жетіспеушілігі, сондай-ақ әсіресе ауылдық жерлерде қажетті дағдылар мен ақпараттың жеткіліксіздігі себеп болғаны белгілі болды.

Ауылды қолдаудың мемлекеттік шаралары туралы қажетті ақпарат алу және оны өңірлердегі аудиториямызға жеткізу, қоғамдық ұйымдар мен бизнеспен ынтымақтастыққа арқа сүйе отырып бірлескен бағдарламаларды жоспарлау үшін серіктестіктің барлық тараптары үйлесімді әрекет етуі қажет, - деді Қазақстанның Ауыл әйелдері форумы ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау арқылы ауылдың тұрақты дамуы» республикалық конференциясында.

Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін әйелдерге грант беріледі

Ел аумағындағы әйелдер кәсіпкерлігін қолдауды көздейтін әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы табысты тәжірибе гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар барлық әйелдер мен қыздардың құқын кеңейту, лайықты еңбек пен экономикалық өсу сияқты тұрақты даму мақсаттары арасында тікелей өзара байланыс қажет екенін көрсетеді.

Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін әйелдерге грант беріледі

Талдау нәтижесі ақшалай түрде көрсетілгеніне қарамастан, ең алдымен Жобаны іске асыру нәтижесі бойынша оның құндылығын көрсету қажет болды. Сондай-ақ өңірлер мен жалпы ел тұрғындарының өмір салты, түсінігі мен әйелдер кәсіпкерлігіне деген көзқарасында елеулі өзгерістер пайда болғанын атап өткен жөн. Елеусіз болса да осындай оң өзгерістерге қол жеткізу – жыл сайын сәтті жүзеге асырылып келе жатқан жобаның басты мақсаты, - деп атап өтті «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Ожго.

2023 жылдың 1 наурызынан бастап жыл сайынғы оқыту кезеңі мен кәсіп бастағысы келетін әйелдер арасындағы үздік бизнес-идеяға арналған «Coca-Cola Белестері» байқауы басталады. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздарға грант ұсынылады. Байқау 2023 жылдың 11 қазанына дейін жалғасады. Астанадағы Ауыл әйелдерінің республикалық форумында марапаттау рәсімі өтеді деп жоспарлануда.

Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін әйелдерге грант беріледі

2013 жылы негізі қаланған жоба кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағдарламалары арқылы барлық өңірде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған. 10 жыл ішінде 60 мыңнан астам әйел оқытылды. Олардың 117-сі өз ісін дамытуға грант алып, 300-ден астам жұмыс орнын ашты. Жобаға қатысушылардың саны онлайн оқытудың арқасында жылына 2 мың адамнан 15 мыңға дейін өсті. Гранттар саны екі есе артқан.

Өзгелердің жаңалығы