Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдауға бағытталған түзетулер жобасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жобаға сәйкес, кәсіпкерлер отандық брендтердің тауарларын сауда алаңдарында кемінде 3 ай мерзімге жеңілдетілген шарттармен сата алады. Жобаға қатысу үшін өндірушілер тиісті өтінім жолдауы тиіс.
Сондай-ақ кредиттік субсидиялар мен кепілдіктер алғаннан кейінгі алғашқы 1 жыл ішінде сауда орындарының жалдау құнын көтеруге тыйым салу ұсынылады.
Жоба 20 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланған.
Бұған дейін микро және шағын бизнеске "таза парақ" қағидаты енгізілгенін айта кетейік.