Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Кәсіпкерлерге үлкен жауапкершілік артылады – Мемлекет басшысы

Олжас АДАЙ
11 Қаңтар 2022, 12:05
1598
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ең алдымен еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 

Экономикалық саясатымыздың мақсаты айқын. Бұл заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту. Бұл жүйенің өзегінде қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне білетін кәсіпкерлеріміздің ауқымды тобы тұратыны анық. Яғни бұл өзінің және балаларының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлер. Дәл осындай кәсіпкерлер ел болашағы үшін өзіне жауапкершілік алуға дайын. Сол себепті кәсіпкерлікті дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару өте маңызды, -деді Мемлекет басшысы.

 

Өзгелердің жаңалығы