Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов ҚР Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде айтты.
Оның айтуынша, елдегі бюджеттің табысын арттыру мен «көлеңкелі» экономиканы төмендету Қаржы министрлігінің басты міндетінің бірі. Ол үшін министрлік пен оның комитеттерінің ақпараттық жүйесін цифрландыру мен жетілдіріп, оларды өзге де жүйелермен біріктіру жұмыстарын жалғастыру қажет.
Әсіресе салықтық бақылау барысын түгелдей цифрландыруға көшіру керек, салықтық міндеттемені қашықтан атқару салық әкімшілігін жетілдіре түседі. Ұлттық бақылау жүйесін енгізу, яғни электронды шот фактура, тауарға берілетін электронды құжат, тауарды таңбалау жүйесі, бюджеттік жоспарлау, жасанды интеллект технологиясы, Big data мен Блокчейн. Мұның барлығы жұмыстың маңызды бөлігі, - дейді Смайылов.
Сондай-ақ ол цифрландыру жүйесін әзірлеуде мәліметтердің қайталанып кетпесі үшін және салық жүйесіне мәліметті ұсынуды қарапайым ету бойынша бизнестің ескертпелері мен ұсынысын ескеру қажеттігін айтты.
Салық төлеушінің салықты және кедендік кабинетін біріктіріп бірыңғай кабинетті жасау керек. Оған қоса азаматтарға арнап жасалған «Е-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын белсенді түрде таныстыру қажет. Сондай-ақ кәсіпкерлерге арналған ресейлік «Мой налог» жүйесінің баламасы ретінде биыл «Е-салық-бизнес» ақпараттық жүйесін іске қосу маңызды. Оған кәсіпкерлер оңай тіркеліп, салықты төлеп әрі есепті автоматты режимде өткізетіндей болу керек,-деді ол.