Кәсіпкерлерге берілетін көмек

24 Наурыз 2023, 17:01
1040
Бөлісу:
Кәсіпкерлерге берілетін көмек
Фото: kazbusiness.kz

Алматыда кәсіпкерлерді қолдауға арналған қандай гранттар бар екені айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ kazbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, 2022 жылы Алматы қаласында ШОБ-ты қолдауға арналған мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде 48,1 млрд теңге бөлінген. Осы жылы да бизнесті қолдау және дамыту бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың бірқатары іске асырылып жатыр.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жылдық 6% бойынша ең жоғары сомасы 3 млрд. теңгеге дейінгі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мүмкіндігі көзделген. Ұлттық жобаның өңірлік үйлестірушісі, яғни Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жыл сайын экономиканың басым салаларында шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өтеусіз негізде 5 млн. теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізеді, – деп анықтама берді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

Сондай-ақ қалалық басқарма дерегінше, кәсіпкерлерге көмек беру үшін Алматы қаласының әкімдігімен «Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы әзірленген. Осы бағдарлама шеңберінде «Almaty Finance» ЖШС және «Almaty «МҚҰ»» ЖШС компаниялары құрылып, онда 500 млн теңгеге дейінгі сомада жылдық 2%, 6% және 12% жобаларды қаржыландырудың сараланған тәсілі қолданылады.

Алматы қаласының әкімдігі бастамасымен іске асырылып жатқан жобаларының қатарында – «JANA BUSINESS» өңірлік бағдарламасы («Даму» кәсіпкерлік дамыту Қорымен бірлескен бағдарлама) бар. Жоба талаптары бойынша субъектілер үшін қарыз бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 6%-дан аспайды және қарыздың ең жоғары сомасы – 100 млн теңге.

Жалпы 2022 жылы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар (Ұлттық жоба, Қарапайым заттар экономикасы, АӨК, «Алматы бизнес – 2025», «Жаңа бизнес») шеңберінде 48,1 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінді. Жалпы сомасы 131,5 млрд теңгеге 3 448 ШОБ жобасы қаржыландырылды, – деп хабарлайды қалалық басқарма.

Айта кеткен жөн, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы кәсіпкерлерге консультациялық қызмет алу үшін келесі мекенжайға баруға кеңес береді: Кәсіпкерлер толық консультациялық қызметті тегін «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығынан ала алады. Нақты мекен-жайы: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 2 қабат.

Өзгелердің жаңалығы