Кәсіпкерлерге 253 заңсыз тексеріс жүргізілген

18 Қазан 2022, 16:50
1695
Бөлісу:
Кәсіпкерлерге 253 заңсыз тексеріс жүргізілген
Фото: автордан

Атырау облысының мемлекеттік орган өкілдері кәсіпкерлерге 253 негізсіз тексеріс жүргізіп, 300-ден астам акті толтырған. Құқықбұзушылықты Атырау қаласының прокурорлары анықтады, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Заңсыз әрекетке барғандардың тізімінде Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті қызметкері де бар. Прокуратура кәсіпкерлердің құқығын бұзған 11 лауазымды тұлғаны тәртіптік, 5 азаматты әкімшілік жауапқа тартты. Мемлекеттік қызметкерлердің басым бөлігі қатаң сөгіспен құтылса, тағы біразы 30 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады.

Биылғы жылдың үшінші тоқсанында прокурорлар 2 100 астам кәсіпкердің құқығын қорғады. 4 проблемалық мәселе шешілді. Атап айтқанда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация Атырау облысы бойынша филиалымен шағын кәсіпкерлік субъектілерін алғашқы тіркеуден заңсыз бас тарту тәжірибесі тоқтатылды. Заңға сәйкес бұл бизнес субъектілерін тіркеуден бас тартуға тыйым салынады, – дейді Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, прокурорлар бизнес иелерінің құқығын қорғауға басымдық беріп отыр. Қазір арнайы тексерістер жалғасуда. 
 

Өзгелердің жаңалығы