Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы Ерасыл Бораш жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңі жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Салық кодексіне сәйкес Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді және 4 кезеңде өтіп жатыр. 2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері және олардың жұбайлары декларация тапсыра бастады, онда 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша деректер көрсетіледі. 2024 жылдан бастап-заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары, 2025 жылдан бастап – азаматтардың қалған санаттары, яғни елдің барлық ересек тұрғындары декларация тапсырады, - деді ол.
Ерасыл Бораштың ақпаратына сәйкес, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда 10 мың АЕК-тен аспайтын қолма-қол ақша көрсетіледі. Қазақстан аумағынан тыс мүлік, бұл жер учаскелері, үйлер, кеңселер, шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша, Қазақстан аумағынан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі, бағалы қағаздардың болуы туралы мәліметтер, дебиторлық, кредиторлық берешек, мұнда банктерге және банктерге берешекті қоспағанда, құжат нотариалды куәландырылған болуы тиіс.
Қазақстанда тіркелген жылжымалы және жылжымайтын мүлік, банк шоттары сияқты мәліметтер уәкілетті органдарда бар болғандықтан декларацияда көрсетілмейді. Декларацияны Мемлекеттік кірістер органдарына 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде электронды түрде немесе «салық төлеушінің кабинеті» арқылы қағаз үлгіде (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ esalyq azamat мобильді қосымшасы арқылы, тұрғылықты жері бойынша тапсыруға болады, - деп түсіндірді ол.
Жалпыға бірдей декларациялау бойынша 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығынан кеңес алуға болады.