Кәсіпкерлер мектептер мен студенттер жатақханаларының құрылысына қаржы сала алады

17 Ақпан 2022, 17:01
1679
Бөлісу:
Кәсіпкерлер мектептер мен студенттер жатақханаларының құрылысына қаржы сала алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов хабарлады. 

Оның айтуынша, ведомствоға қарасты қордың құзыретіне кіретін 4 өнім бар. 

Бірінші, жеке сигментті тарту есебінен студенттерге арналған жатақхананы салу мен қайта құрылымдау. Екіншіден, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шеңберінде жекеменшік мектептерді салу және реконструкциялау. Үшіншіден, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, яғни «AQYL» білім беру депозиті. Төртіншіден, білім беру несиесі, - деп атап өтті басқарма төрағасы. 

Сонымен қатар ол студенттік жатақхана салуға тоқталды.

Өздеріңіз білетіндей, 2018 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті 5 әлеуметтік бастамасын жариялаған болатын, солардың бірі студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған. Осы міндетке қол жеткізу үшін жекеменшік сектордың ауқымды қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі әзірленді. Біз инвесторларды, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттің қаржылық қолдауымен студенттік жатақханалар құрылысына қаржы салуға шақырамыз, - деді Асқар Ибраимов. 

Басқарма төрағасының сөзінше, бұл процеске кезекті әлеуметтік объектіні тұрғызу ретінде емес, табысты, тұрақты және келешегі мол бизнес-жоба ретінде әлдеқайда ауқымды қараған дұрыс. Демек, кәсіпкерлер мектептер мен студенттер жатақханаларының құрылысына қаржы сала алады деген сөз.

Өзгелердің жаңалығы