Кәсіпкерлер құқығы бұзылса, департаментке жүгінген дұрыс – Шаттық Утеев

10 Қыркүйек 2021, 16:35
2260
Бөлісу:
Кәсіпкерлер құқығы бұзылса, департаментке жүгінген дұрыс – Шаттық Утеев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Шаттық Утеев мәлім етті.

Оның айтуынша, кәсіпкерлерді кешенді қорғау мақсатында бірнеше шара іске асырылуда.

Ел дамуының маңызды бағыттарының бірі кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау. Бүгінгі күнде кәсіпкерлік қиын кезеңді бастан кешіруде. Пандемия оның дамуына айтарлықтай зиян келтірді. Мұндай жағдайда мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлікке заңсыз араласуы, бизнеске кедергі келтіруі мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде қабылданады. Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті кешенді қорғау мақсатында «кәсіпкер мен инвесторларды қорғау» жобасы іске асырылуда, - деді департамент басшысы.

Шаттық Утеев инвесторлардың негізгі міндеті - ел аумағында адал әрі парасатты бизнес жүргізу екенін айтты. 

Сонымен қатар ол жемқорлыққа қарсы департаменттің кәсіпкерлерге қол ұшын созуға дайын екенін мәлімдеді.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдаумен 95 млрд теңгеге 53 инвестициялық жоба қамтылды. Биыл 10 кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді. Кәсіпкерлікті дамытудың маңызын ескере отырып, бизнес қауымдастықтарымен бірге жұмыс істеудеміз. Егер лауазымды тараптан қысым көрсетілген жағдайда департаментке хабарласуға шақырамын, -деп түйіндеді Шаттық Утеев.

Өзгелердің жаңалығы