Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті жерлердегі, аудандық деңгейдегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне тоқталып өтті.
Аймақтағы жұмыстың алға басуы әкімге байланысты екені рас. Кәсіпкерлік бастаманың жолын кесіп кететіндер де көбінесе әкімдер. Бұл – ащы ақиқат. Тіпті қаржылай көмек бермек түгілі заң аясында әкімшілік қолдау да көрсетпейді. Мұндай жөнсіздікті шұғыл түрде доғару керек, - деп айтты Мемлекет басшысы.
Президент аудан әкімдеріне нақты міндет қоюға тапсырма берді.
Оларға жыл сайын әрбір 10 мың тұрғын үшін кемінде 100 жұмыс орнын ашуды міндеттеген жөн. Біз енді жұмыс тәсілін өзгертеміз. Кәсіпкерлер әкімнің соңынан жүгірмеуі керек. Керісінше әкім инвестор тартуға ұмтылуы қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.