Кәсіпкердің тауары бар 11 цистернаны уәкілетті орган заңсыз ұстаған

27 Желтоқсан 2023, 20:20
856
Бөлісу:
Кәсіпкердің тауары бар 11 цистернаны уәкілетті орган заңсыз ұстаған
Фото: Бас көлік прокуратурасы

Көлік прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент көлік прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобы жүргізген тексерулердің бірінде станциялық теміржол жолдарында 11 вагон-цистернаны заңсыз ұсталғанын анықтады.

Сонымен құқық қорғау органы қылмыстық ісжүргізу заңнамасының нормаларын бұза отырып, тауарларға құқық белгілейтін құжаттарды елемей (мұнай өнімдеріне қатысты «нафта» сұйықтығыемес екендігі нақты көрсетілген) тексеру шараларын жүргізген.

Бұл «ҚТЖ» АҚ кәсіпкерге 800 мың теңгеден астам вагондар бос тұрғаны үшін төлем шотын жіберді.

Көрсетілген күтпеген мәжбүрлі шығындардан басқа, адал кәсіпкер өзінің шарттық міндеттемелері бойынша тауарды жеткізу мерзімдерін бұзу салдарынан елеулі материалдық шығынға ұшырады, сондай-ақ іскерлік беделін де түсірген.

Прокурорлық шаралар қабылданғаннан кейін ғана кәсіпкердің тауарлары өз бағыты бойынша жүрді, құқық қорғау органының кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге іс жүргізу шешімін қабылдау үшін оларға қатысты материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы