Кәсіпкердің қызметіне заңсыз араласқан мемлекеттік қызметкер айыппұл арқалады

12 Сәуір 2024, 15:19
572
Бөлісу:
Кәсіпкердің қызметіне заңсыз араласқан мемлекеттік қызметкер айыппұл арқалады

Елордада мемлекеттік қызметкер кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Астана қаласының прокуратурасы мәлім еткендей, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдар тарапынан тыйым салу және шектеу шараларын қолдануының заңдылығына қала прокуратурасы талдау жүргізді.

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары кәсіпкер тарапынан растайтын құжаттар толық ұсынылғанына қарамастан, оған электронды шот-фактураларды жазып беруді шектегені анықталды. Бұл мән-жайлар сотпен оның әрекеті заңсыз деп тану туралы әкімшілік істі қарау барысында да расталды, - делінген ведомство хабарламасында.

Прокурордың қаулысымен мемлекеттік қызметкер ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы