Кәсіпкерді бопсалаған блогер ұсталды

Қарабалықта бопсалаушы блогер ұсталды. Ол қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 видеодан кадр 22 Ақпан 2025 2025, 14:04
22 Ақпан 2025 2025, 14:04
650
Фото: видеодан кадр

Қарабалықта бопсалаушы блогер ұсталды. Ол қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде айыптаушы материалды жариялаймын деген бопсалау мен қорқытуды қолдана отырып, ол кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша қаражатын бопсалаған.

Өткізілген жедел іс-шаралар барысында прокуратурамен бірлесіп блогер Қарабалық ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұсталды. Тінту барысында одан 15 миллион теңге тәркіленді, делінген хабарламада.

Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Наверх