Қашықтан оқыту. Оқушыларға қандай пәндерден баға қойылмайды?

15 Қазан 2020, 12:22
3228
Бөлісу:
Қашықтан оқыту. Оқушыларға қандай пәндерден баға қойылмайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова онлайн баспасөз конференциясы барысында қашықтан оқыту бойынша бағалау жүйесі туралы айтып берді. 

Қашықтан оқыту кезіндегі маңызды мәселелердің бірі – оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау. Бағалау білімдегі олқылықтарды анықтап, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырады. Сондай-ақ мұғалім мен оқушы сабақтағы жетістіктерін жақсарту үшін қосымша іс-шаралар жоспарын бірігіп жасай алады. Биылғы оқу жылындағы бағалаудың ерекшелігі 2-11-сынып оқушыларының оқу жетістіктері қалыптастырушы бағалау арқылы анықталып, балл қойылады. Ал 1-сыныптағы бағалау жүргізілмейді, - деді ол. 
Оның айтуынша, I тоқсандағы оқушылардың жиынтық бағалауы 5 қазанда басталды. 
Ал тоқсан үшін бағалау 28 қазаннан басталады. Әрбір бағалау бір бөлім және бір тоқсан бойынша жүргізіледі. Жиынтық бағалау өзін-өзі тану, көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру, кәсіпкерлік және бизнес негіздері, графика және жобалау, қоғам және дін, алғашқы әскери және технологиялық дайындық, бастауыш сыныптарға арналған информатика пәндері бойынша қойылмайды. Жиынтық бағалаудың қорытындылары оқушылар мен ата-аналарға қағаз немесе электронды форматта беріледі. Қалыптастырушы бағалау 10 баллдан аспайды, - деді ол. 
Қадырова ата-аналарды балалардың оқуына үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды. 

Балалардың алған бағаларын, тапсырмалары мен олардың орындалу барысмын бақылауда ұстау қажет. Оқушылар жақсы нәтижемен оқуды аяқтайды деп сенеміз. Мектептер санитарлық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік арақашықтық сақталған, - деді ол.




Өзгелердің жаңалығы