Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың сәуірінде KASE сауда-саттықтарының жиынтық көлемі 10 767,9 млрд теңгені құрап, наурыз айымен салыстырғанда 10,4% немесе 10167,7 млрд теңгеге өсті. Бұл туралы «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде айтты.
Оның айтуынша, барлық нарық оң динамика көрсеткен. Мәселен, бағалы қағаздар нарығы – 5,2%-ды құраса, шетелдік валюта нарығы – 1,1%-ды, ал қаржы нарығы – 11,4%-ды құраған.
«Сәуір айының қорытындысы бойынша құнды қағаздар нарығында алғашқы орналастыру көлемі 203,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен аймен салыстырғанда 8,3% төмендеді. 2019 жылдың 1 мамырында Орталық депозитарийде жеке тұлғалардың атына 118 799 жеке шоттар ашылды, ол алдыңғы айға қарағанда 262 шотқа және 2019 жылдың басына қарағанда 1 975 шотқа артық», - деді ол.
Сонымен қатар, ол сәуір айының соңына қарай KASE сауда-саттық тізімдерінде 125 эмитенттің 140 атаудағы акциялары болғанын, оның ішінде екі атаудағы листингілік емес бағалы қағаздар секторында айналымға жіберілгенін жеткізді.
«KASE ресми тізіміне сәуір айында үш Ресей компаниясы «Новолипецк металлургиялық комбинаты» БАҚ, «Лукойл» БАҚ және «Норильск никелі» ТМК» БАҚ компаниялары енгізілді, KASE ресми тізімінен эмитент бастамасымен «Цесна Корпорациясы» АҚ шығарылды. Сондай-ақ, сәуір айының қорытындысы бойынша акциялар нарығының капитализациясы 0,1% төмендеп немесе 17,6 млрд теңгеден 15,9 трлн теңгеге дейін құлдырады», - деді ол.
Сәуір айында акциялармен сауда-саттық көлемі 2019 жылға қарағанда 2,4 есе өсіп немесе 4,9 млрд теңгеден 8,3 млрд теңгеге жеткен. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 378,1 млн теңгені құраған.