Қазақстанның соңғы жаңалықтары

KASE: Доллар тағы қымбаттады

Самал КӨШЕРБЕКҚЫЗЫ
16 Сәуір 2025, 16:35
1223
Бөлісу:
 BAQ.KZ  архив
Фото: BAQ.KZ архив

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.


KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,67 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 521,67 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы - 521 теңге. Еуро 589 - 595 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы - 527 теңге, сатып алу құны - 520 теңге. Еуро 590 теңгеден сатып алынып, 598 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,27 - 6,39 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 16 сәуірге ұсынған ресми бағамы - бір долларға 516,91 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 6,30 теңге. Еуро - 586, 33.

Өзгелердің жаңалығы