Қарулы күштеріміздің жауынгерлік даярлығы жоғары деңгейде – Ермекбаев

28 Сәуір 2021, 18:32
1916
Бөлісу:
Қарулы күштеріміздің жауынгерлік даярлығы жоғары деңгейде – Ермекбаев
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы кітапханасында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған «Ел үмітін ер ақтар» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараны Елбасы кітапханасының басшылығы мен Қорғаныс министрлігі бірлесіп ұйымдастырды. Кездесуге қорғаныс саласының қызметкерлері қатысты.

Қарулы күштеріміздің жауынгерлік даярлығы жоғары деңгейде – Ермекбаев

Олар Қазақстанның әскери-саяси мәселелерді талқылап, елімізде әскердің жаңа тұрпатын құру жолдары туралы ой бөлісті, тарихта болған ерекше ерліктерге тоқталды.

Қарулы күштеріміздің жауынгерлік даярлығы жоғары деңгейде – Ермекбаев

Бүгін, міне, Қарулы күштердің басшылық құрамы, Ардагерлер кеңесі, әскери қызметшілер, курсанттар, «Жас сарбаз» республикалық қозғалысының мүшелерінің қатысуымен өткізіліп отырған бұл іс-шараның маңызы аса жоғары. Сонау 1992 жылдың 7 мамырында Елбасымыз Қарулы күштерді қою туралы Жарлыққа қол қойды. Содан бастап Қазақстан армиясы толық қалыптасты. 30 жылдың ішінде Қарулы күштердің жауынгерлік деңгейі жоғарылады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұдайы қамқорлығының арқасында қарқынды дамыды. Әскер қазіргі заман талаптарына сай қару-жарақтармен, техникамен қамтамасыз етілген. Оның ішінде елімізде шығарылған қару-жарақтар бар, - деді министр.

Ол атағандай, Қарулы күштеріміздің жауынгерлік даярлығы жоғары деңгейде.

Қарулы күштеріміздің жауынгерлік даярлығы жоғары деңгейде – Ермекбаев

Біз халықаралық оқу-жаттығулары мен жарыстарда объективті төрешілік етіп, әскери қызметкерлеріміздің кәсіби біліктілігін көрсете алатындай деңгейге жеттік. Ұлттық ұланда немесе әскерде болсын, шекара қызметінде болсын әскери қызмет ету – тек парыз ғана емес, үлкен абырой мен міндет, - деді Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.
Қарулы күштеріміздің жауынгерлік даярлығы жоғары деңгейде – Ермекбаев

Іс-шараға жоғары әскери оқу орындарының курсанттары, ҚМ Кадет корпусының әскери қызметшілері мен «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының қатысушылар онлайн режимде қатысты.

Қарулы күштеріміздің жауынгерлік даярлығы жоғары деңгейде – Ермекбаев
Кездесудің дәл осы Қауіпсіздік кеңесінің отырыс залында өтуінің символдық мәні бар. Осы алғашқы резиденцияда Қауіпсіздік кеңесінің алғашқы отырыстары өтті. Бүгінгі әскеріміз еліміздің берік қорғаны болып отырған жауынгерлік шеберліктің озық үлгісін көрсетіп келеді, - деген Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат қатысушыларды алдағы мерекемен құттықтады.
Қарулы күштеріміздің жауынгерлік даярлығы жоғары деңгейде – Ермекбаев

Қарулы күштеріміздің жауынгерлік даярлығы жоғары деңгейде – Ермекбаев

Қарулы күштеріміздің жауынгерлік даярлығы жоғары деңгейде – Ермекбаев
Раушан АРМАНҚЫЗЫ
Өзгелердің жаңалығы