Қарулы Күштерде жеке құрамның 70%-дан астамы вакцина алды

20 Маусым 2021, 13:48
1561
Бөлісу:
Қарулы Күштерде жеке құрамның 70%-дан астамы вакцина алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі күні Қарулы Күштерде жеке құрамның 70%-дан астамына вакцинаның екі компоненті егілді. Ал жалпы екпені әскери қызметшілер мен азаматтық персонал өкілдерінің 96%-дан астамы алды.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бас әскери-медициналық басқарманың бастығы медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаев Covid-19 вакцинациясының барысы және Қарулы Күштерде ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үдерісінің аяқталғанын баяндады.

Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарына сәйкес, ересек адамдардың 60%-ға жуығы иммунитетке ие болуы керек, яғни коронавирус инфекциясының таралу тізбегі үзілуі үшін толық екпе алуы керек. Әскерде екпе салу процесі көктемгі әскерге шақыру науқанын өткізуде қиындады, оның барысында жеке құрам ауыстырылды. Сондай-ақ елдің түрлі өңірінен инфекция жұқтырған әскерге шақырылушылардың келу жағдайлары орын алды.

Қазір Қарулы Күштердегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру көптеген шектеулерді алып тастауға және жоспарланған әскери даярлық шараларын, ауқымды жаттығуларды толық деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы