Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің әскери қызметшілері Тывадағы «Қара-Хаак» таулы полигонындағы жаттығуларын бастады. Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде өткізілетін «Аттар марафоны» байқауы 22-29 тамыз аралығында өтеді.
Әскери қызметшілер штаттық қаруды алып, алынған қарудан оқ атуды орындады және оны қалыпты ұрыс жағдайына келтірді.
Команда жаттықтырушылары алдын-ала барлық бағытта қатысушылармен бірге өтуге тырысады, айып ұпайлары мен айналымдардан аулақ болу үшін әр учаскеде жаттығудың ерекшеліктерін талдайды.
Бұдан өзге, дайындық кезеңінде қатысушылар конкурстың арнайы тапсырмаларын орындауды, атап айтар болсақ, су кедергілері мен миналанған бөгеттерді еңсеруді, аттарды күзетуді, жануарларды түнету мен суаруды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тасымалдауды ұйымдастыруды пысықтайды.