Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Қарулы Күштердің санитарлық-эпидемиологиялық орталығы базасында ПТР-зертхана жұмыс істей бастады.
Бұл елімізде санитарлық-эпидемиологилық шаралар енгізілген сәттен бастап Қарулы Күштерде құрылған екінші зертхана. Олар қорғаныс ведомствосына жоғары дәлдікпен ерекшеленетін ПТР-диагностиканың қажетті көлемімен жеке құрамды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Коронавирустық инфекцияны талдаудан басқа, зертханалық жабдықтар 300-ден астам ауруды қоздырғыштарды анықтауға мүмкіндік береді. Оның өнімділігі тәулігіне 150-ге дейін талдау жүргізу. Нәтижені күту 8 сағаттан аспайды.
Зертхананың ашылуы жеке құрамды, олардың отбасы мүшелерін тексеруді неғұрлым ауқымды қамтуға мүмкіндік береді. Ең алдымен, инфекцияның таралуына қарсы шараларға қатысқандар тестілеуден өтеді.
Айта кету керек, зертхана бюджет қаражатынсыз, отандық «Lancaster Group» холдингтік компаниясының қолдауымен ашылғанын атап өткен жөн.
Зертханадағы алғашқы жұмыс күні Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев оның жабдықталуымен және медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысты.