Қарулы адам жауапкершіліктен құтылу үшін басын өлімге тікті – Алматы полициясы

24 Сәуір 2021, 22:33
1869
Бөлісу:
Қарулы адам жауапкершіліктен құтылу үшін басын өлімге тікті – Алматы полициясы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы ПД-ті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов шұғыл өткен брифингте «Бұқар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешеніндегі қарулы адамды ұстау операциясы жайлы баяндады.

Біраз сәт бұрын «Бұқар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешеніндегі қарулы адамды ұстау операциясы аяқталды. Онымен келіссөз жүргізу ісіне Алматы қаласы ПД-ті қатысты. Келіссөз жүргізу барысында күдікті үйдің кіре берісіндегі баспалдақ жаққа 30 шақты оқ атты. Дегенмен полиция қызметкерлері зардап шекпеді,-деді ол.

Сондай-ақ ол күдікті жасырынған үйдің блогындағы өзге тұрғындардың барлығын қауіпсіз жерге көшіріліп, оқиға болған жер қоршауға алынғанын мәлімдеді.

30 рет оқ жаудырған соң арнайы жасақтың қатысуымен күдіктіні ұстау шешімі қабылданды. Жүргізілген операция барысында тәртіп сақшылары қару қолданбады, тек шумдық және газ гранатасы қолданылды. Күдікті жауапкершіліктен құтылу үшін басын өлімге тігіп, терезеден секіріп кетті. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу қызметтері жұмыс істеп жатыр, - деді Әбдірахманов.
Сондай-ақ ол келіссөз барысы алты сағаттан астам уақытқа созылғанын жеткізді.
Оның мұндай іске неліктен барғаны анықталуда. Ол полицияға ешқандай талап қоймады. Бұл іс сотқа дейінгі тергеу құжатына күндіз енгізілген болатын. Зардап шеккен күзетші медициналық ұйымда, оған қажетті көмектің барлығы көрсетілді,-деді ол.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қылмыс жасаған күдікті 17-қабаттан секіріп, мерт болған. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметінің 4 бригадасы кезекшілік еткен.

 Естеріңізге сала кетейік, Алматыда белгісіз ер адам Бұқар-Жырау Тауэрс тұрғын үй кешенінің күзетшісін атып кеткен еді.  Сондай-ақ интернетте Алматыда күзетшіні қарулы адам жарақаттаған сәттегі видеосы пайда болды.  Алматы полициясы «Бұқар Жырау Тауэрс» кешеніндегі қарулы адаммен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Кейін оқ атқан ер адам терезеден секіріп кетті.


Өзгелердің жаңалығы