Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Картоп сатып алмақ болған ер адам барлық ақшасынан айырылды

25 Тамыз 2025, 10:57
10502
Бөлісу:
 - архив/ Артём Чурсинов
Фото: - архив/ Артём Чурсинов

Ресейдің Липецк қаласының тұрғыны картоп сатып алмақ болып, бар жинағынан айырылды. Бұл туралы жергілікті LipetskMedia.ru порталы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ресейлік жаңа өнімнен жиырма қап жас картопты сатып алу үшін тегін жарнамалар сайтындағы сатушымен байланысқан. Ол Воронеж облысынан болған және өнімді өз жүк көлігімен жеткізуді ұсынған. Сатушы сатып алуды растау үшін алдын ала жанармайға төлем мен картоп құнының жартысын кепіл ретінде сұраған.

Ақшаны аударғаннан кейін сатушы электронды төлемде қиындықтар туындағанын айтып, липецктік тұрғыннан телефондағы банк қосымшасы ашық тұрған кезде экранды көрсету режимін қосуды өтінген. Осылайша алаяқтар ресейліктің банк карталарының деректеріне және SMS арқылы келетін кодтарға қол жеткізген.

Нәтижесінде олар жәбірленушінің картасындағы барлық жинағын – 268 000 теңгесін (40 000 рубльді) ұрлап кеткен.

Өзгелердің жаңалығы