Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысушылар Тілектес Адамбеков пен Зульфия Сүлейменова ұсынылды.
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram каналында жазды.
Оның сөзінше, резервшілердің Мәжілістің жаңа құрамына кіруі ПЖКР-нің кәсіби жастарды ілгерілету және олардың әлеуетін іске асыру үшін тиімді әлеуметтік лифтіге айналғанын көрсетеді.
Жалпы бүгінгі таңда Президенттік жастар кадрлық резервінің 300 өкілінің ішінен мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік кәсіпорындардағы түрлі позицияларға 168 резервші жұмысқа орналастырылды, - деді ол.
Айта кетейік, кеше Nur Otan партиясы депутаттар тізімін жариялады.