Кәрім Мәсімовтің жазасы жеңілдеді ме?

17 Маусым 2023, 18:12
5211
Бөлісу:
Кәрім Мәсімовтің жазасы жеңілдеді ме?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Кеше Апелляциялық сот ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларының үкімін өзгерткен еді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қауіпсіздігі орташа колонияларға ауыстырылады. Мұндай шешімді елорданың апелляциялық кеңесі қабылдады. апелляциялық кеңестен кейін Кәрім Мәсімовтің жазасы жеңілдей ме? Бұл жайлы заңгер Әлімжан Жұбатқановтан сұрадық.

Апелляциялық сот Мәсімовтің және оның орынбасарларына қатысты қылмыстық істі қарады. 

Апелляциялық сотта Мәсімовке тағайындалған максималды өтеу жазасын орташа өтеу жазасына ауыстырды. Сот 18 жыл берген. Оны қалдырды. Өзгерткен жоқ. Жазаны жеңілдетті деп айтуға болмайды. Тек қана жазасын өтеуге байланысты бөлігін ғана өзгертті. Үкімнің жаза тағайындау бөлігін өзгерткен жоқ. Яғни сол 18 жыл қалды. Соттар заңмен жұмыс істейді. Қылмыстық кодекстің 6-бабында заңның кері күші болады. Соны қолданып, максималды жазадан орташа қауіпсіздік өтеу жүйесіне ауыстырды. Бірақ жаза жеңілдеген жоқ. Жылын алып тастамады. Жазасын атқару бөлігі ғана өзгерді,-деді Әлімжан Жұбатқанов. 

Айта кетейік, 16 маусым күні қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық инстанция «Аса құпия» деген тақырыппен қылмыстық істі қарады. Сотқа Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин және Марат Осипов тиісті арыз түсірген еді.

Сот сотталғандардың жағдайын жақсартатын заңның кері күші барын және соттар қолдануы міндетті екенін атап өтті.

Сәуірдің 24-і күні Астана соты Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді, билікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырды. Оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин және Марат Осипов та өз мерзімдерін алған болатын. Жалпы, қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 11 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы