Кәрім Мәсімовтің жағдайы қалыпты – Ішкі істер министрі

Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған Кәрім Мәсімовтің қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Астана соты 18 Маусым 2025 2025, 14:55
18 Маусым 2025 2025, 14:55
1689
Фото: Астана соты

Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған Кәрім Мәсімовтің қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, ол медициналық есепте емес.

Медициналық есепте тұрған жоқ. Оның өкілдерінің барлық уәждері тексеріліп жатыр. Бүгінгі күні сіздерге жағдайы қалыпты екенін ресми түрде айтамын. Ол сот шешімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отыр, - деді министр.

БАҚ өкілдері камерада кіммен отырғанын нақтылап сұрады. 

"Маңызды емес", - деді министр.

Наверх