Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі өтпей жатыр

Бүгiн, 11:00
428
Бөлісу:
Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі өтпей жатыр
Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің құны 1,8 млрд теңге тұратын зәулім үйі өтпей қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аукцион өткен сәтте бірде-бір адам үйді алуға ниет білдірмеген.

Бұған дейін Кәрім Мәсімовтің құны 1,8 млрд теңге тұратын үйі үйі сатылымға шығарылды. Электронды сауда алаңы порталында Нұра ауданының, Ерейментау - 1 мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үйге аукцион жарияланды. Сауда-саттыққа Қайтарылған активтерді басқару Компаниясы ұсынған еді.

Үйдің бастапқы бағасы - 1 883 338 958 теңге. Кепілдік жарнасы - 117 960 000 теңге болған. Зәулім үй осыдан 15 күн бұрын аукционда сатылымға қойылған.

Еске салайық, ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін ұсталды. Қылмыстық іс бойынша сот жабық өтті. Сот үкімімен Мәсімов мемлекетке опасыздық жасағаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өзгелердің жаңалығы