Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануымен күрес жөніндегі комиссия Қазақстанға 3 миллион доллардың қайтарылуы туралы айтты.
Бұл туралы kaz.elorda.info жазды.
Гонконг пен БАӘ-нен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылары мен қызметкерлеріне қатысты іс бойынша шамамен 3 миллион доллар қайтарылды, – делінген хабарламада.
Бұған дейін шілде айында активтерді қайтару жөніндегі комиссия жұмыс тобының отырысы өтті.
Еске салсақ, наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Кәрім Мәсімов ісінің жай-жапсарын жариялаған болатын. Бұдан кейін департамент ҰҚК бұрынғы басшысының іс-әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталғанын атап өтті.