Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
"Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.
Айта кетейік, бүгін Парламент сенатының отырысында депутаттар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп Кәрім Мәсімовті тағайындауына бірауыздан келісім берген болатын.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Бақытжан Сағынтаев ҚР президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.