Венесуэла Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес АҚШ үкіметін елдің табиғи ресурстарын бақылауға ұмтылуда деп айыптады. Бұл туралы ол Кариб теңізі елдерінің парламентшілерінің бейбітшілік кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Notitarde басылымына сілтеме жасап.
Родригестің айтуынша, АҚШ-тың аймақтағы әскери әрекеттері тек Венесуэла үшін ғана емес, бүкіл Кариб өңіріндегі елдерге қауіп төндіреді. Ол сондай-ақ Вашингтонның әрекеттерін «империалистік ниет» деп сипаттады.
The Wall Street Journal агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Венесуэлада есірткі саудасына қатысты кейбір нысандарға соққы беруді жоспарлағаны айтылған. Дегенмен, АҚШ президенті Дональд Трамп бұған қатысты ақпараттарды жоққа шығарды.