Каратеден Премьер-лига додасы Дубайдан Фуджейра қаласына ауыстырылды

28 Желтоқсан 2021, 21:25
1230
Бөлісу:
Каратеден Премьер-лига додасы Дубайдан Фуджейра қаласына ауыстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каратеден Премьер-лига додасы Дубайдан Фуджейра қаласына ауыстырылды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Каратешілер үшін жаңа маусым 18-20 ақпан күндері басталады. Фуджейрадағы «Зайд» спорт кешенінде спортшылар маусымның алғашқы додасында өзара мықтыны анықтайды. 

Айта кетерлігі, 2022 жылы Премьер-лига бойынша бес кезеңі өтеді. 

Бүкіләлемдік карате федерациясының күнтізбесіне сәйкес оларды Марокко, Ресей, Португалия және Әзірбайжан қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы