Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Караоке мен мейрамханалар қазақстандық әндерді есепке алады

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
6 Қараша 2025, 15:56
436
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Енді елдегі ресторандар мен караоке орындары Қазақстанда жазылған әндердің қаншалықты жиі орындалатынын арнайы құрылғылар арқылы тіркеуге тиіс болады. Бұл туралы Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, жаңа талаптың мақсаты – қазақстандық авторлардың еңбегін әділ бағалап, оларға авторлық сыйақыны цифрлық түрде төлеу жүйесін қалыптастыру.

Біз кәсіпкерлермен кездесіп, бұл норманы іске асырудың бірнеше нұсқасын ұсынамыз. Олар оны өздері жүзеге асыра алады немесе арнайы гаджеттер арқылы музыканың ойналуын тіркеп, оны бірыңғай цифрлық платформаға интеграциялау мүмкіндігі бар. Мұндай тәжірибе әлемде кеңінен қолданылады, – деді вице-министр.

Жақселекованың сөзінше, министрлік алдағы екі айда бизнес өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Негізгі талап – әр орында ойналған музыканың деректері автоматты түрде ортақ жүйеге түсіп отыруы. Бұл жүйе арқылы әншілер мен авторларға авторлық қаламақы төлеу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы