Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық Басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев бүгінгі брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, қазір Міндетті әлеуметтік медициналық қор тарапынан әр адамға кететін шығын көлемі анықталып жатыр. Осы тариф анықталған соң әр адамға кеткен шығын мемлекет есебінен төленбек.
Әлемдік тәжірибе бойынша жұқпалы ауруларға байланысты шетелдік азаматтарды профилактикалық тексеруден өткізген кезде ол шығынды кепілдендірілген мемлекеттік медицинаның аясында тегін жүргізеді. Егер біздің азаматтар да басқа мемлекетте карантинге жатқызылса, олар да тегін шаралармен қамтылады, - дейді Тілеухан Әбілдаев.
Сондай-ақ, ол елге келген шетелдік азаматтардың қолында денсаулығының жақсы екені жөнінде анықтамалары бар болса да медициналық қатаң бақылауға алынады.
Мұның барлығы қауіпті індеттің халық арасына таралып кетпеуі үшін жасалып жатыр. Мәселен, Оңтүстік Кореяда бір адамнан тараған вирус қазір 2 мыңнан аса адамға жұқты. Бізде ондай жағдайға душар болуымыз мүмкін, сондықтан шетелден келген азаматтардың бәрін қатаң бақылауға алу қажет. Ол артық етпейді, - деді ол.