Карантиндегі кәсіпорындар тексерілмейді

10 Маусым 2020, 20:48
1524
Бөлісу:
Карантиндегі кәсіпорындар тексерілмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елімізде төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты салықтық және кедендік тексерулер жаңартылатынын хабарлады.

Бұл ретте кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс жасау режимі ескерілетін болады.

Егер де тексерілетін кәсіпорынның қызметкерлері карантинге кеткен болса, онда кәсіпорынның жұмысы қайта жанданған уақытқа дейін тексеру уақытша тоқтатылады. Бұл ретте кәсіпкерлік субъектісіне құжаттарды ұсыну туралы талабы табыс етіледі.

Сонымен бірге, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен  тікелей байланысты азайту үшін, жергілікті жерлерде кедендік тексерулердің басым бөлігі кәсіпорынға бармай–ақ, қашықтықтан жүргізілетін болады.

Сондай–ақ, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылдың екінші жартыжылдығына салықтық тексерулерінің кестесін жасаудан бас тартты.

Мемлекеттік кірістер органы нақты бұзушылықтар бойынша ғана жоспардан тыс тексерулерді жүргізеді.
Өзгелердің жаңалығы