Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ауа райы соңғы апта ішінде қатты ысып кетті. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтерілді. Осы ретте редакциямыздың фотографы Артем Чурсинов кешкі қаланы объективіне түсіріп келді. Назарларыңызға қала орталығынан фотоларды ұсынамыз.
Елімізде Төтенше жағдай режимі алынып тасталғанмен, әлі де карантин сақталып тұр. ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22 мамырдағы қаулысы бойынша шектеу іс шаралары біршама жеңілдетілді.
Елордада барлық фонтандар іске қосылған.
Күндіз де, түнде де фонтан маңайында серуендеп жүрген халық аз емес. Олардың бәрі болмаса да, кейбірі карантиндік режимді сақтап, маска киіп жүр.
Астана саябақтарынан велосипед, ролик, скэйтборд теуіп жүргендерді жиі кездестіруге болады.
Тұрғынүй маңындағы, саябақтағы спорттық алаңдарда футбол, волейбол ойнап, спортпен шұғылданып жүргендерді жиі кездестіруге болады.
Қалалықтардың спортқа бейім екенін байқауға болады.
Саябаққа серуенге шыққандар балмұздақ, тәтті "вата", сусындар алу үшін дүңгіршіктер ашық тұр.
Дегенмен, фитнес, тренажер залдары (орталықтары), сауда-ойын-сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары, Токио-2020 Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларын дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар) қызметі тоқтап тұр.
Сондай-ақ, ойын-сауық орталықтары іске қосылғанымен, ондағы фуд-кордтар мен кинотеатрларға да әлі жұмыс істеуге рұқсат етілген жоқ.
Қала жастары жиі баратын түнгі клубтар, компьютер клубтары жабық.