Карантинде той жасаған Әли Оқаповтың қайын жұртына айыппұл салынды

3 Қыркүйек 2020, 13:06
2912
Бөлісу:
Карантинде той жасаған Әли Оқаповтың қайын жұртына айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында Атырауда «Асыл» тобының әншісі Ақерке Бүркітбайдың ұзату тойы өткен. Бұл тойдың карантинде ұйымдастырылғанына байланысты 41 мың теңге айыппұл салынды.

Атырау облысының тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі ұзату тойын ұйымдастырушының кім екенін жарияламады.

Баспасөз хабарламасында 19 тамызда Атырау тұрғыны Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салу туралы қаулысының талаптарын бұзғанын жазылған. Атырау тұрғыны үйіне туыстары мен достарын жинап, мерекелік жиын өткізді делінген.
 
Той ұйымдастырушыға «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы талаптарды, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған іс-шараны ұйымдастырушыға қатысты әкімшілік хаттама жасалып, 15 АЕК (41 мың теңгеден астам) айыппұл салынды, - делінген хабарламада.

20 тамызда халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы 29 жастағы әнші Әли Оқаповтың отбасын құрғаны белгілі болды. Ол "Асыл" тобының солисі Ақерке Бүркітбайға қосылды. Әзірге екі жастың үйлену тойы өтпеген.

Өзгелердің жаңалығы