Карантин: Журналист тікелей эфир арқылы сүйіктісіне ұсыныс жасады

31 Наурыз 2020, 11:31
1604
Бөлісу:
Карантин: Журналист тікелей эфир арқылы сүйіктісіне ұсыныс жасады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Хабар 24-тің тілшісі тікелей эфирде сүйіктісіне ұсыныс жасады.

Хабар 24-тің түсірілім тобы блок-бекеттердегі дәрігерлер мен полицейлердің жұмысы туралы сюжет әзірлеуге шыққан. Тікелей эфирде жұмысын аяқтаған соң тілші жеке басына қатысты айтатын өтініші барын білдірді.
Карантинге қатысты астана жабылды. Қазір осында тұрып, жұмыс істеп жатырмын. Қарағанды мен менің туған қалам Абай да карантинге жабылды. Егер елордадан қазір карантинді алып тастаса да, мен өз қалама бара алмаймын. Үйде 1 ай болмадым. Жақындарым да уайымдап отырғандары белгілі, - деді Марк Брюшко.

Тілші Қарағандыда өзі сияқты фронтта жүрген сүйіктісі қалғанын және оның денсаулығы үшін уайымдайтынын айтты.
Қарағандыда менің жақсы көретін адамым қалды. Ол да мен сияқты журналист. Фронтта жұмыс істеп жүр. Оның денсаулығы үшін қорқамын. Наурызда мен қызыма ұсыныс жасау керек болатынмын. Енді тек бірнеше аптадан кейін ғана көрісе аламыз. "Сондықтан, Юлия, сен мені тікелей эфирден көріп отырсың, білемін. Маған тұрмысқа шық! Жақында көрісе алмасақ та, менің өзіңе деген ниетімді білесің. Қазір эфир аяқталғаннан кейін жауабыңды телефон арқылы күтемін", - деді Марк.


Кейін анықталғандай, қыз тұрмысқа шығуға келісім берді.

Өзгелердің жаңалығы