Алматы, BAQ.KZ. Жаңа жағдайларға байланысты және клиенттеріміздің мүдделерін ескере отырып, біз карантин режимі еңгізілген 2 қалада пошта бөлімшелерінің жұмыс кестесін өзгерттік, делінген "Қазпошта" АҚ таратқан мәліметте.
19-20 наурызда Алматы және Нұр-Сұлтан пошта бөлімшелері мен сәлемдемелер супермаркеттері төмендегі кестелер бойынша жұмыс істейді.
19-21 наурызда еліміздің қалған аймақтарындағы филиалдар әдеттегі кестеге сәйкес жұмыс істейді.
21-25 наурыз Алматы мен Нұр-Сұлтанның барлық пошта бөлімшелері және өндірістік нысандары үшін демалыс күні болып жарияланды.
22-24 наурыз еліміздің басқа өңірлеріндегі барлық пошта бөлімшелері және өндірістік нысандары үшін демалыс күні болып жарияланды.
Пошта мен сәлемдемелерді қабылдау әдеттегідей жүреді, қызметкерлеріміз бөлімшелердердің санитарлық жағдайын сақтайды. Бірақ, соған қарамастан, мүмкіндігнше, бөлімшелерге баруды шектеп, қызметтерімізді онлайн алуға кеңес береміз, - делінген хабарламада.
Үйден шықпай-ақ коммуналдық төлемдерді, салықтар мен басқа төлемдерді төлеп, сәлемдемелерді қадағалай аласыз және шоттарыңызда барлық қаржылық операцияларды жасай аласыз.