Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада 16 қазанда жоспарға сәйкес жергілікті полиция еріктілермен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу мақсатында облыс орталығына рейд жүргізді.
Рейдтер барысында отбасылық жиындар мен үйлену тойларының 3 фактісі, 1 кальян орнының заңсыз жұмысы анықталды. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысында көрсетілген шектеулерге қарамастан, бірқатар мекеме заңсыз жұмысын жалғастыруда.
Сонымен қатар, іс-шара барысында түнгі уақытта алкоголь өнімін сатқан 2 сатушыға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша хаттама толтырылды. Профилактикалық жұмыстар жалғасуда.
Сондай-ақ, қоғамдық бақылау Қарағандыда бірқатар заң бұзушылықты анықтады
18 қазанда кезекті түнгі рейд кезінде Loft Grill кафесінде келесідей заң бұзушылықтар тіркелді. Қызметкерлерді температурасын өлшемей жұмысқа қабылдаған, сонымен қатар оларда қолғап болмаған.
Аталған заң бұзушылықтар бойынша, акт толтырылды. Құжаттар тапсырылды.