Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының қалалары мен аудандарында 176 мониторингтік топ жұмыс істейді.
Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
2020 жылдың 17 тамызынан бастап 3 599 рейд жүргізіліп, 13 691 нысан тексерілді. Шектеу шараларын бұзу 102 қоғамдық тамақтану объектілерінде, оның ішінде 7 барда, 72 кафеде, 19 мейрамханада және 2 түнгі клубта анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 102 хаттама толтырылды, - делінген хабарамада.
Облыс орталығында жүйелі тәртіп бұзушылар қатарында - «Терраса» кафесі, «Арнау» мейрамханасы, «Мангал» кафесі, «Малина» кафесі, Tuda бары, «Галерея» рестобары, Pablo bar кафесі, Rocks лаундж-бары, «Барс» мейрамханасы, «Сантос кофе хаус» кафесі, Promenad кафесі, «Шашлык» кафесі, Pastila караоке-бары, «Царские бани» моншасы, Seven bar club ойын-сауық кешені, Coffeine гриль-бары, «Лотос» кафесі, «Джоконда» мейрамханасы, el casa кафесі, «Челентано» кафесі, Jelsomino караоке-мейрамханасы, «Сторис» караоке-бары, «Берландия» мейрамханасы, «Банный дворик» моншасы, «Орлан» спорт кешені, «Гараж» кафесі бар. Екібастұз қаласында осы кезеңде 7 бұзушылық анықталды.
Карантин режимін бұзудың негізгі фактілері: топтық іс-шараларды өткізу, бетперде режимін бұзу, жұмыс кестесін бұзу және дезинфекциялық шараларды өткізбеу болып табылады.