Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 5 қарашадағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Бұл туралы Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен хабарлады.Қостанай облысының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі-COVID-19) коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 07 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына сәйкес, «Туындау және таралу қатері төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 58 қаулыларына сәйкес және COVID-19 жағдайларының көп санының тіркелуіне байланысты қаулы етемін, - деп басталған бас санитардың қаулысы.
«Шектеу карантиндік шараларын қатаңдату туралы» Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 54 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілді:
- жаңа жылдық корпоративтерді, балалар ертеңгіліктерін, жаппай мерекелерді өткізуге тыйым салынады;
- мәдениет объектілерінің (жеке, топтық дайындықтар), театрлардың қызметін тоқтата тұрады;
- кітапханалардың, мұражайлардың толымдылығы 30%-дан аспайтын қызметіне рұқсат беріледі;
- облысаралық жолаушылар тасымалдарын қоспағанда, 75%-ға дейін, бірақ 15 адамнан аспайтын облысішілік қалааралық қоғамдық жолаушылар көлігінің (автобустар, шағын автобустар, такси) жүруіне рұқсат етіледі;
- такси қызметтерінің жұмысына уақыт бойынша шектеусіз рұқсат беріледі. Такси жүргізушілері мен жолаушыларына міндетті түрде бетперде кию міндеттеледі;
- азық-түлік дүкендерінің, оның ішінде шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер қызметіне сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат беріледі, ал дәріханалар жұмыс уақыты - шектеусіз;
- автожанармай құю станциялары кезіндегі шағын маркеттердің қызметіне уақыт бойынша шектеусіз рұқсат етіледі.
Осы қаулы 2020 жылғы 14 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 28 желтоқсан сағат 00:00-ге дейін қолданылады. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Осы қаулы 2020 жылғы 14 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді, - делінген Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері В. Нечитайлоның қаулысында.