Карантин: Балалардың ойын алаңында ойнауына шектеу қойыла ма?

4 Шілде 2020, 19:20
1759
Бөлісу:
Карантин: Балалардың ойын алаңында ойнауына шектеу қойыла ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның мемлекеттік бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин кезінде балалардың аулада ойнауына қатысты пікірін білдірді.

Қаулыға балалардың аулада еркін жүріп-тұруына тыйым салу мәселесі енгізілмеген. Алайда, кәмелет жасына толмаған балалардың аулада ата-анасымен жүргені абзал. Сондай-ақ, басқа балалармен барынша байланысты азайтқаны жөн. Дәлірек айтқанда, балалар аулада ата-анасымен бірге жүріп, инфекция таралмас үшін басқа балалармен жақын араласпағаны дұрыс, - деді Есмағамбетова.

Спикердің сөзінше, карантиндік режимнің шаралары вирустың таралуын болдырмауға, аурудың берілу тізбегін үзуге бағытталған.  

Өзгелердің жаңалығы