Карантин қатаңдатыла ма?

14 Қыркүйек 2020, 11:07
1913
Бөлісу:
Карантин қатаңдатыла ма?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға еліміздің бас мемлекеттік санитары Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтандағы №6 емханада өткен кездесу кезінде жауап берді.

Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдай маусым-шілде айларындағы жағдаймен салыстырғанда тұрақты деп айта аламыз. Мемлекеттік органдардың ақпаратын, яғни, ресми ақпаратты ғана пайдалануларыңызды сұраймыз. Бір күні жиналып, талқыға салынып, кенеттен «қыркүйек айында карантин қоямыз деп шештік» деген ресми ақпарат жоқ. Барлығы сарапталып, эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Күн сайын жағдай тұтас ел бойынша ғана емес, әр өңір, әр елді мекенде де бақыланып отыр, - деді ол.

Оның айтуынша, қабылданатын барлық шара эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүзеге асады.

Демалыс күндеріндегі шектеу шаралары минималды түрде сақталып отыр. Яғни, сауда орындары, жабық базарлар, фитнес нысандары, СПА салондары, бассейндерге әзірге шектеу бар. Себебі, демалыс күндері халық мұндай жерлерге көп жиналады. Біздің қазіргі міндетіміз – елдегі эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтап қалу және сырқаттанушылық деңгейін төмендету, - деді бас санитар.

Өзгелердің жаңалығы