Карантин: Алматыда түнде жұмыс істеген дәмханалар анықталды

26 Шілде 2020, 13:17
1322
Бөлісу:
Карантин: Алматыда түнде жұмыс істеген дәмханалар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда карантин кезінде түнде жұмыс істеген екі дәмхана анықталды деп хабарлады Polisia.kz. 

Қоғамдық тамақтану орындары Алмалы ауданының Шевченко көшесінде орналасқан. Түннің бір уағында болған тексеру кезінде 30 адам “Веселидзе” дәмханасында уақытын өткізген, сондай-ақ, сол маңда орын тепкен “Бакинский бульварынан” да 60-қа жуық демалушы анықталды. Қоғамдық орын басшыларына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік іс жүргізу материалдары жиналды, - делінген хабарламада.

Істі қарап, шешім шығару құзыреті бойынша материалдар Алмалы ауданының Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасына беріледі. 
Өзгелердің жаңалығы