Карантин. Кәсіп тоқтады, 42 500 теңгеге бес рет өтініш беріп, ала алмадым - кәсіпкер

9 Шілде 2020, 15:13
2196
Бөлісу:
Карантин. Кәсіп тоқтады, 42 500 теңгеге бес рет өтініш беріп, ала алмадым - кәсіпкер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Арлан" балалар футбол клубының жетекшісі, елордалық кәсіпкер Фазылбек Әбсаттарұлы карантин кезінде кәсібі тоқтағанын, бірақ ешқандай қолдау болмағанын айтты.

Кәсіпкер ретінде бюджетке көптеген миллион теңге салық төледім. Ал осы бюджетті басқарып отырған билік маған не істеді? Біріншіден, пандемия кезінде жұмысымды тоқтатты. Бірақ 42 500 теңге төлемақы төлемеді. 5 рет өтініш бердім. 5 рет министр мен тиісті орындарға хат жаздым. Табысымның тоқтағанын, заң бойынша төлемақы алуға құқымның бар екенін дәледедім. Бірақ бермеді. Үйде бос жатқан соң және принципте тұрып, соңына дейін бардым. Олар да бермеу үшін соңына дейін қасарысты, - деп жазды Фазылбек Әбсаттарұлы Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, кәсібі тоқтап қалған соң тиісті орындарға хат жазған. Алайда ешқандай қолдаудың жоқ екені туралы хабар келген. 

Құрығанда футбол клубымның жұмысын жалғастыру үшін рұқсат сұрадым. Жабық спорт залда емес, ашық алаңда жаттығатынымызды айттым. Ашық ауада кафе, ресторандарға рұқсат берді ғой. Бірақ ашық ауада жаттығу жасауға рұқсат жоқ екен. Спорт басқармасы барлық жұмыстарыңды тоқтатыңдар деген бұйрығын жолдады. Кафенің ашық ауласында арағыңды іш, калян мен темекіңді тарта бер. Бірақ саламатты өмір салтын насихаттайтын спортқа рұқсат жоқ. Логика қайда?Қадамдары, іс-әрекеттері ақыл естеріне күмән тудырады. Не жұмыс істетпейді. Не қолдау білдірмейді. Не төлемақы төлемейді, - дейді "Арлан" балалар футбол клубының жетекшісі.

Өзгелердің жаңалығы