Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 15 жастағы жасөспірім дәрігердің ұялы телефонын үптеп кетті, деп хабарлады Polisia.kz.
6 қарашада Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші емханалардың бірінде дәрігер болып жұмыс істейтінін айтты. Кезекті науқасты қабылдағаннан кейін жәбірленуші үстел үстінде тұрған ұялы телефонының жоғалғанын білген, - делінген ақпаратта.
Келтірілген шығын көлемі 560 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру тобының қызметкерлері күдікті 15 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.