Қарағандылық зейнеткерді 70 мың теңгеге алдап кетті

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде Қарағанды тұрғыны зейнеткерді алдап, ақшасын жымқырды, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.</h4>

 7 Тамыз 2021 2021, 13:50
7 Тамыз 2021 2021, 13:50
4732

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде Қарағанды тұрғыны зейнеткерді алдап, ақшасын жымқырды, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Биылғы 26 шілдеде сағат 13.00-де Бесқарағай АПБ-ға 64 жастағы зейнеткер хабарласып, 2021 жылдың 9 шілдесінде хабарландыру сайты арқылы алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен қозғалтқышты сатып алғаны үшін 70 000 теңге сомасында алдын ала төлем алған белгісіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады, - делінген хабарламада.
Бесқарағай АПБ криминалдық полиция тобының қызметкерлері 45 жастағы қарағандылықтың зейнеткерді алдағанын анықтады.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Наверх